ЖІК «POLYTECH JASTARY» ҰЙЫМЫ

ЖІК «POLYTECH JASTARY» ұйымы - ұйымы талантты, жалынды жастардың басын біріктіріп, шығармашылығын дамытуға көмек көрсетеді.

«POLYTECH ZIATKERLERI» ИПК клубы

«POLYTECH ZIATKERLERI» интеллектуалды пікірсайыс клубы - бұл толеранттылықты, шешендік шеберлікті, сыни ойлауды және жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуды жүзеге асыратын студенттердің ерікті бірлестігі.

«POLYTECH ERIKTILERI» еріктілері клубы

«POLYTECH ERIKTILERI» – колледж студенттерін қоғамдық өмірге белсенді араластыру, еріктілік мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік маңызды жобаларға атсалысу арқылы жауапкершілік пен жанашырлық қасиеттерін дамыту.

«СТУДЕНТТІК КЕҢЕС»

Студенттер үйіндегі «Студенттік кеңес» – студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және жаңа бастамаларына қолдау көрсетіп, өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл өзін-өзі басқару ұйымы.

«KIROSHI»

«KIROSHI» робототехника зертханасы студенттердің инженерлік және техникалық дағдыларын дамытып, инновациялық технологиялар саласындағы әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін ынталы әрі талантты студенттерді біріктіреді.

«ЖАС ҚЫРАН» ӘПК КЛУБЫ

«Жас қыран» әскери-патриоттық клубы – әскери-патриоттық тәрбие беру іс-шараларын өткізуге бағытталған, студенттердің бірлескен іс-әрекеттегі мүдделерінің ортақтығы негізінде құрылған ерікті бірлестік

«SANALY URPAQ» ЕПК КЛУБЫ

«Sanaly urpaq» ерікті-патриоттық клубы – колледждегі құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.

«ҚЫЗ ЕЛДІҢ КӨРКІ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ

«Қыз елдің көркі» қыздар клубы - қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.

СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР

Студенттердің дене тәрбиесін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық дағдыларын дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Спорт үйірмелері: футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, шашки

«ТІЛДЕР ӘЛЕМІ»

«Тілдер әлемі» тілдерін үйрету арқылы олардың білім көкжиегін кеңейту, кәсіби және жеке даму мүмкіндіктерін арттыру - 2023-2024 - Ағылшын тілі - ⁠2024-2025 - Түрік тілі