Кітапхана қоры

2023 жылғы мәліметтер бойынша Алматы политехникалық колледжінің кітапхана қоры шамамен 35 мың дана. Оған көркем әдебиет, ғылыми әдебиет, мамандандырылған оқулықтар және басқа да оқу құралдары кіреді. 2011 жылдан бастап кітап қоры цифрлық форматта цифрландырылуда.

Кітапхананың автоматтандырылған электрондық базасы «Кітапхана Ісі», «Qazaq Mura» платформаларында жұмыс істейді, сондай-ақ интернет желісіне қосылған. Материалдық-техникалық жабдықтарына моноблоктар, түрлі-түсті принтерлер, компьютерлер, ксерокстар және басқа да техника түрлері кіреді.

Кітапхана оқытушылармен және студенттермен тығыз байланыс орнатады, естелік күндерге арналған іс-шараларды ұдайы ұйымдастырады. Сондай-ақ кітапхана оқытушыларды жаңа кітаптар туралы хабардар етеді, сабақ тақырыптарына сәйкес өзекті материалдарды іріктеп береді, оқулықтармен қамтамасыз етеді және кітап көрмелерін ұйымдастырады.

ҚҰРЫЛЫМЫ

Мукалдиева Жанар Бокешовна

Мукалдиева Жанар Бокешовна

Кітапхана меңгерушісі

Рашидова Мадина Рашидовна

Рашидова Мадина Рашидовна

Кітапханашы